ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» акциясы
10-10-2016 11:21

Әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмеуін болдырмау, аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларына, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында павлодар қаласында жаңа оқу жылына дайындалу кезінде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді.

Акция шеңберінде бірқатар қайырымдылық шаралары өтті. Халық банкі білім беру бөлімімен бірлесе «Балаларға бірге көмектесейік» қайырымдылық акциясын өткізді: қаланың 20 бірінші сыныпқа баратын балалары кеңсе тауарлары салынған арқаға асатын сөмкелер алды.

25 тамыз күні жәрмеңкелер мен сауда үйлерінде «Жылжымалы автобус» акциясы өткізілді, соның шеңберінде кәсіпкерлер киім-кешек, аяқ киім түрінде көмек көрсетілді. Акцияға «Квазар», «Манақбай» сауда үйлері мен Ярмарка кешенінің кәсіпкерлері қатысты, олар 6,0 млн.теңгеден астам сомасына балаларға мектеп киім кешектерін, аяқ киім және кеңсе тауарларын ұсынды.

Ағымдағы жылғы тамыз айының 25 нен 28 дейінгі аралықта Балалар шығармашылығы мен бос уақытын қамту орталығы және балалар аула клубтары білім беру бөлімімен бірлесе ұйымдастырған, «Әлеуметтік калейдоскоп» және «Бірге көмектесейік» жобалары іске асырылды, соның қортындысы бойынша жиналған ақша аз қамтамасыз етілген отбасылар балаларына берілді.

«Жақсылық жаса» акциясының шеңберінде оқу жылының басында қалалық жалпы орта мектептерінің әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардан шыққан 20 оқушысы сұлулық салондарда болды, онда оларға тегін шаш қию қызметі көрсетілді.

Акция барысында және «Чужих детей не бывает» жобасы шеңберінде барлық мемлекеттік органдар, қаланың кәсіпорындары, «Бөбек» қоры және банктер, қалалық мәслихат депутаттары, сауда үйлері және жеке кәсіпкерлер, Павлодар қаласының тұрғындары жаппай көмек көрсетті.

Осылайша, қалалық мәслихат депутаттарымен қала мектептерінің 104 оқушыларына 1343,7 мың теңге сомасына көмек көрсетілді, жеке кәсіпкерлер Павлодар қаласының № 6 ЖОМ 70 оқушысына 1050,0 мың теңге сомасына көмек көрсетті, электролиз зауыты 75,0 мың теңге сомасына 5 оқушыға мектепке жиналуға көмектессе, жеке кәсіпкер Желнов № 13 ЖОМ 3 оқушысына 28,0 мың теңге сомасына көмек көрсеттікәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесі 4 оқушыға 60,0 мың теңгеге көмек берді; «Горзеленстрой» ЖШС №24 ЖОМ 2 оқушысына 38,8 мың теңге сомасында көмек көрсетті, «Топливно-транспортная компания» ЖШС №13 ЖОМ 2 оқушысына 48,0 мың теңге сомасында көмек берді; «Ақ Тұмар» фирмасы № 28 ЖОМ 10 жетім балаларына 134,1 мың теңге сомасына көмек көрсетті, «Алем-ай» АҚ № 23 ЖОМ балаларына 164,0 мың теңге сомасында көмек берді.

Қалалық мәдениет сарайының аумағында тамыз айының 18 нен 23 не дейін мектеп жәрмеңкесі өткізілді, онда кеңсе тауарларын, мектеп киім-кешектерін, аяқ киімдерді 15 тен 20% жеңілдікпен ұсынған, 8 астам сауда фирмалары қатысты. Осы шараға Павлодар қаласының 5000-ға жуық тұрғындары қатысты.

1-қазанда көрсетілген көмектің жалпы сомасы 32,2 млн. теңгені құрайды. 5000 астам балаларға көмек көрсетілді.