2016 жылдың 2 қазан күні Павлодар қаласы № 2 Балалар көркемсурет мектебінде «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған көркемөнер көрмесі ашылды. Мектептің көрме залында педагогтардың шығармашылық жұмыстарынан іріктеліп алынған 30 астам жұмыстары орын алды, олар академиялық сурет және кескіндеме, стильденген, майлы сәндік композициялар еді.
Суретшілер Одағының мүшесі, суретші-зергер Ольга Ивановна Ловина көрмеге акварель және зергерлік жұмыстарының фотосуретін ұсынды. Оның әуені оқушылардың сәндік-қолданбалы өнерлерінің кішігірім туындыларын орындауға шабыттандырды. Татьяна Васильевна Ахметжанова түрлі түсті қарындаштармен орындалған графикалық жұмыстарын көрсетті. Өзінің қалалық әсем көрінісі бейнеленген шағын суреттемесінде, суретшінің шеберлігі айқын байқалады. Ал Анжела Николаевна Бамбуляктың кенепке майлы суреттің шеберлікпен салғаны сонша, көрермендер оның дарыны мен кәсіпқойлығына таңырқанумен қалды. Сондай-ақ Раиса Петровна Степанконың майлы бояу және гипстік сылақ көмегімен көлемді техникада орындалған гул шоғы таңғалтуда. Онда, пыр-пыр ұшқан көбелектер, ақ лала гүлдердің балғыны да бейнеленген. Елена Ивановна Юминова туған өлкенің әсем көрінісімен шаттандырды. Акварельмен орындалған Ертіс көктемі, батик техникасындағы Баянауыл сұлулығы және жібекке коллаж арқылы кестеленіп тігілген Савск ханшайымының акрилді портреті суретшінің жан-жақты мүмкіндіктерін көрсетуде. Жанар Ержанқызы Шайкенова өзінің акварелін ұсынды. Оның «Күнбағыс» жұмысы жарық күн сәулесіндей қуанты. Жас педагог Александра Станиславовна Ловина-Самошкина гелдік қаламмен қала көрінісін суреттеді. Оның көрмеде қала көшелерінің жоспарлығы мен әсемдігі айқын бейнеленген жұмыстары орын алды.
Жалпы көрме жақсы әсер қалдырды. Бұндай көрмелер мектеп оқушыларының дарындарын жетілдіруге рухтандырады деген сенімдеміз. Ал мектеп директоры Наталья Васильевна Герусова: «Шығармашылық әлеуеттер, еңбекқорлық, шеберлік, асқан сұлулыққа ұмтылу, мектеп ұстаздарының шығармашылық мүмкіншіліктерін аша отырып, ғажайып жұмыстар орындауға тебіренттіреді», - деді.