Жаңа оқу жылында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жас басшыларды біріктірген, жас директор орынбасарларының мектебі өз жұмысын жалғастырды. Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі 40-тан астам жас мектеп директорының орынбасарлары қаланың № 34 ЖОМ базасында кездесті. Бұл отырыста оқу және әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстары, мектепішілік бақылау, директор орынбасарының әрекет циклограммасы бойынша сұрақтары қарастырылды.
Мектеп директорының жас орынбасарлары алдында жас директор орынбасарлары мектебінің жетекшісі, № 34 ЖОМ директор орынбасары Татьяна Алексеевна Савченко өз командасымен бірге сөз алды. Ол жаңа оқу жылының басталуы бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен, мектептің жұмыс жоспары және директор орынбасарының циклограммасымен таныстырды.
Қатысушыларға толық кеңес пен алған білімдерді практикада қолдану мен енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Жас орынбасарларға практикалық көмек көрсету бойынша аталған мектеп отырыстары айына бір рет өткізіледі. Ай бойы сұрау бойынша электрондық дайджест пен виртуалдық қабылдау жұмыс істейді.