ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұрпақтар сабақтастығы
26-09-2016 10:44
Ұрпақтар сабақтастығы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің кәсіподақ комитетімен бірге, №39 ЖОМ 2016 жылдың 24 қыркүйегінде қала әкімінің орынбасары А. Қ. Торсықбаевтың қатысуымен, педагог-ардагерлер мен жас мұғалімдерді құттықтау рәсімін өткізді. Осы шара Мұғалімдер күні мерекесі мен педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің 50 жылдығына арналды.

Кездесуде Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А. Қ. Торсықбаев педагогикалық еңбек ардагерлерін, жас педагогтарды, жұмысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің құрдастарын құттықтап, Павлодар қаласының әкімі атынан алғыс хаттармен марапаттады. Сондай ақ Павлодар облысының «Білім беру жұмыскерлерінің кәсіпшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Г. А. Науразбаева, педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Б. Б. Исмагулова, Павлодар қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Н. Нурбаев құттықтау сөздерін білдірді.

Мереке қоңақтарына, педагог жұмыскерлердің кәсіподақ ұйымын құру бастамаларында болған, педагогикалық еңбек ардагерлері туралы фильм ұсынылды. Мереке соңында қоңақтар жайлы ортада әңгімелесіп, шай ішіп қоштасты.