Әдістемелік бірлестік білім бағдарламасының жетілуіне және педагог шеберлігінің кәсіби өсуіне жағдай жасайтын қала мен мектеп әдістемелік қызметінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Бұл құрылым оқушыларды қазіргі заманға сай талабын оқытуымен қамтамасыз етуде тәрбиелеу мен дамытудың өзара көмегін ұйымдастыру, шығармашылық біріктіру, жаңа талапқа сәйкес сабақтың жоспарларын құрастыруға көмек көрсету үшін құрылды.
Бүгінгі таңда ұжыммен бірге бір ұжымда жұмыс істеу мұғалімнің кәсібилігінің белгісі. Атап өтсек: кәсіби мұғалім болу үшін жай ғана жақсы дайындықтан өткен мұғалім болуға жеткіліксіз, ол үшін алға қойған мақсат пен міндеттерді орындай алатын, бірлесіп қиыншылықтарды шеше алатын, өз құзырлылықтарын дамыта біле алатын мұғалімдерді өсіру, мұғалімнің шеберлік және мамандық әдістемеліктерін шындандыру қажет.
Оқу жылының аяғында білім беру бөлімінің әдіскерлері мен қала әдістемелік бірлестік жетекшілерінің мектеп әдістемелік бірлестік жетекшілерімен кездесулері дәстүрге айналды.
Ағымдағы жылдың 18-19 мамырында № 7 мектептің базасында диалогтік – қарым-қатынас — мектепішілік әдістемелік бірлестік жетекшілерімен 2015-2016 оқу жылындағы қызметінің талдауы бойынша сұхбат құрылды, осы шара барысында педагогтер өз мектептерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыс тәжірибесін ұсыну және туындаған мәселелер жайлы пікірлесу мүмкіндігіне ие болды.
Жұмыс қызметінің бағасы, анықталған қиыншылықтардың талдауы мен жоспарлау бойынша атаулы көмек берілді. Сондай ақ ұсынуға және жалпылауды қажет ететін, педагогикалық тәжірибелер анықталды.
«Ең үздік әдістемелік бірлестік» байқау сайысында жеңімпаз атанған, әдістемелік бірлестіктер жұмысының талдауы, қорытындыны шығару кезінде бағасының обьективтілігін дәлелдеу фактісі қуантады.Мектептерде әдістемелік бірлестіктерінің келесі оқу жылында шешімін қажет ететін, бірқатар мәселелер белгіленді.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері оларға көрсетілген практикалық кеңестерге қанағаттанды және осы іс шараның нәтижелігін атап өтті. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында осы шараға қатысушылар өз алғыстарын білдірді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Ш.С.Нұрахметова