Үстіміздегі жылдың мамыр айы 3-6 аралығында Семей қаласында Латиф Хамиди атындағы халықаралық байқау өтті. Оған Татарстан, Ресей және республикамыздың түпкір-түпкірінен 370-тей әр аспапта ойнайтын жеке орындаушылар қатысты. Біздің Павлодар өңірінен Кенжекөл балалар музыка мектебінен қобыз сыныбының 3 сынып оқушысы Тәліп Жансая Гран При иегері атанса, Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінен Адамбаева Сабина 2 сынып, Сагиденова Раида 2сынып, 2 орын иегерлері атанды. Байқауда Павлодар Өңірінің қобызшылары дұрыс қол қойылымы және дыбыс сапасымен ерекшеленді. Әділ қазылар төрағасы Қазақстан республикасының өнер қайраткері, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясының профессоры Базархан Әбу ұлы Қосбасаров біздің қобызшыларды ерекше атап өтіп, осы оқушыларды дайындаған ұстазы Үміткүл Қойшыбайқызы Жұмашоваға ризашылығын білдірді.