Сәуір айында балабақшалар тәрбиеленушілерінің арасында алғашқы рет Не? Қайда? Қашан? зиятты сайысы болып өтті. Екі таңдау туры өтті. 32 үміткер қатысты, бірақ та мәреге 4 бала ғана жетті. Балалар сайыс бойында өз білімдерін зиятты және қызықты шытырман сұрақтарында сынады. Қызықты шытырман есептер мен ребустар, бас қатырғыштарды да шешті.
Басты жүлде «Үкіні» №29 сәбилер бақшасының тәрбиеленуші Настя Григораш иеленді. Мәренің барлық қатысушылары түрлі номинацияларда алқалармен және сыйлықтармен марапатталды.