2016 жылғы 28 сәуір күні № 2 ЖОББМ ММ-да қалалық көшпелі Эксперт Кеңесі өтті. 2012 жылдан бастап мектеп республика деңгейінде Cambridge University Press баспасөздің ағылшын тілі оқулықтарын бейімдеу және бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ерте оқыту бойынша тірек мектептердің қатарына енді, ағымдағы оқу жылы - эксперименттің қорытынды жылы. Эксперт Кеңесі мүшелерінің назарына осы бағыттағы төртжылдық жұмыс бойынша толық есеп ұсынылды. Мектеп ұстаздарымен ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізілді. Эксперимент бойынша ағылшын тілі мұғалімі Т.Қ. Сүлбаевтің жұмысына жоғары баға берілді. Ұжым әрекеті үштілдік оқыту бағдарламасын кеңінен іске асыру бойынша ерекше назарға лайық. Ағылшын тілінің жас маманы Н.Г. Қайырбаеваның ашық сабағы және география мен ағылшын тілі мұғалімдері М.Т. Қажмағамбетова мен Б.Қ. Жармағамбетованың сыныптан тыс шарасы жақсы деңгейде өтті. Инновациялық әрекет бойынша мектеп жұмысы қалалық Эксперт Кеңесімен «үздік» деп бағаланды.