«Білім беру көшбасшысы- 2016» сайысы - білім саласындағы теориялық және практикалық басқарудың жаңа бағыттарын анықтауға, оны зерделеуге бағытталған, Павлодар қаласы білім беру жүйесін модернизациялауға, дамытуға ықпал етер инновациялар мен технологияларды қолдауға, қалалық білім беру мекемелеріндегі оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді әсер етер шараларды бағдарлауға арналған. Сайыстың негізгі мақсаттары : - жоғары кәсіби рейтингте шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын көшбасшыларды анықтау; - қалалық білім беру мекемелеріндегі басшылардың (бұдан әрі басшылар) әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыру ; - басшылардың қалалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту; - дарынды басшыларды қолдап, марапаттау; - басшылардың біліктілігін арттыруға ықпал ету; - басшылық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибелерді насихаттау; Қазылар алқасының құрамында жұмыс атқарғандар
: п.ғ.к., ПМПИ профессоры- С.В. Осипова, п.ғ.к., ИнЕУ-нің аға оқытушысы магистр-А.М.Утилова, ББжТИДО директор орынбасары Н.С.Жантурина, ББжТИДО әдіскері - Л.А.Алейник, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова , Н.Ш.Азанбаева – білім беру бөлімінің әдіскері. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды:
«Кәсіпқой – менеджер»- Вольф Людмила Александровна, экологиялық мектептің директоры; «Сапа шыңы» -№35 ЖОМ директор орынбасары Шынар Бәкібайқызы Асайынова; «Жетістік амалы» -№126 балабақшасының тәрбиешісі Ирина Васильевна Пятых; «Болашаққа бағытталған қадам» - №6ЖОМ директоры Галина Палладиевна Кулаковская;
«Ашық әлем»- № 51 балабақшасының тәрбиешісі Салтанат Қайырқызы Шапихова
;,
«Дебют» - № 25 ЖОМ директор орынбасары мен мұғалімдері
Қ.Е
.Смагулова, Ә.Н.Ташимова, А.Х.Балқыбаева;
«Дебют» - № 40 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Алма Әбілбекқызы Елтін.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова