Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылдың 20 сәуірінде 2-4 сынып оқушылары арасындағы ІІІ облыстық математика турнирі өткізілді. Турнирге 39 команда қатысты. Соның ішінде 11 команда - мамандандырылған мектептерден, 16 команда - аудандардан, 5 команда – Павлодар, 2 команда - Екібастұз, 4 команда - Ақсу қалаларынан. Барлығы 117 оқушы Павлодар облысының мекемелерінен және 3 оқушы Омбы қаласының №140 гимназиясынан. Турнир екі кезеңде өтті. Бірінші командалық кезең жоғары, бірінші, екінші лигаларға үлестіру мақсатымен жазбаша түрде өткізілді. Екінші кезең жеке жазбаша және ауызша командалық айналымда өткізілді. Жеке жазбаша кезеңінің қорытындысы бойынша екінші сынып арасында І дәрежелі дипломымен Павлодар қаласы № 35 ЖОМ-нің оқушысы Жүсіп Айша, Бірінші лиганың І дәрежелі дипломы Павлодар қаласы № 35 ЖОМ-нің, ІІ дәрежелі дипломы Павлодар қаласы № 39 ЖОМ-нің, ІІ дәрежелі дипломдарын Павлодар қаласы № 37 ЖОМ-нің, командалары иеленді.