Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
05-04-2016 09:38
«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» АТТЫ  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
Павлодар қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы болып табылады. Педагогикалық олимпиада жас ұстаздарды дарынды балалармен жұмысқа дайындау формаларының бірі болып табылады. Педагогикалық олимпиаданың негізгі шарты педагогикалық бастамалармен, жобалармен, педагогикалық шығармашылық нәтижелермен алмасу болып табылады. Олимпиадаға 98 жас педагог қатысты, оның ішінде мамандандырылған мектептерден 9 педагог, мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 1 ағылшын тілі мұғалімі. Олимпиадаға қатысу туралы ең көп өтінім білдіргендер: Павлодар қаласы – 14 адам (оның ішінде 4 жүлдегер мен жеңімпаздар), аудандар арасынан Май ауданы – 11 адам. Қазылар алқасының құрамында – жоғары оқу орындардың жетекші ғалымдары, Инновациялық орталық әдіскерлері, облысымыздың озық ұстаздары. Педагогтердің жобаларын бағалаудың негізгі критерийлері: өзектілік, мазмұнның ғылымилығы мен жаңашылдығы, тиімділігі, тиянақты берілуі. Олимпиада қорытындысы 4 бағыт бойынша шығарылды: тіл ғалымдары, гуманитарлық ғалымдар, физика-математикалық, психологиялық-педагогикалық ғалымдар. Қазылар алқасы мына жобалардың практикалық мәнділігін атап өтті: музыка пәнінен Шарбақты ауданының Александровка ЖОМ музыка мұғалімі: информатикадан Павлодар қаласының №19 ЖОМ информатика мұғалімі Серікбаев Алмас Сансызбайұлының «Delphi» жобасы, Екібастұз қаласының №25 қыздар гимназиясының тарих мұғалімі Қуатбай Данабек Қанатұлының «Қашықтықтан оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» жобасы, Шарбақты ауданынан Қарашиянова Самал Жасұланқызының «Родина начинается с семьи» жобасы, Республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезең қорытындылары бойынша 24 жүлдегер анықталып, Білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды. Психологтік-педагогикалық ғалымдар бойынша І орын Садвакасова Аягөз Түсіпқызы, Ақсу қаласының №2 ЖОМ өзін-өзі тану мұғалімі, ІІ орын Шарбақты ауданының Александровка ЖОМ музыка мұғалімі Қарашиянова Самал Жасұланқызы және Баянауыл ауданының Ақсан ЖОМ технология мұғалімі Сембі Амангелді Ерсінұлы, ІІІ орын Екібастұз қаласының №25 қыздар гимназиясының технология мұғалімі Калиева Назгүл Мейрамқызы, Ақсу қаласының Үштерек ОМ тәлімгері Бахыт Меңдігүл, Железин ауданы Береговая ЖББН тәлімгері Сағындықова Алмагүл Тілектесқызы иеленді. Гуманитарлық ғалымдар бойынша І орын Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих, география мұғалімі Рахимтаев Ержан Бақтыбайұлы, ІІ орын Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Разумейко Виктория Николаевна және Шарбақты ауданы Шалдай ОМ тарих мұғалімі Мекебева Жанар Болатқызы, ІІІ орын Павлодар қаласының №17 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Саттарова Мейрамгүл Аспандиярқызы, Успен ауданының Успен №3 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Темірханова Жансая Асылболатқызы, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих мұғалімі Серіков Әділбек Сапарұлы иеленді. Физика-математикалық ғалымдар бойынша І орын Ақсу қаласының Қалқаман ауылының физика мұғалімі Нұрсұлтан Армангүл атанды, ІІ орын Павлодар қаласындағы №19 ЖОМ информатика мұғалімі Серікбаев Алмас Сансызбайұлы, Павлодар қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің химия мұғалімі Салихов Данияр Маратұлы, ІІІ орын Павлодар қаласының Жетекші ЖОМ химия мұғалімі Омарова Анар Ғабдұлманапқызы, Лебяжі ауданының Қазантай НББМ физика мұғалімі Керейбаева Әсемгүл Мұратқызы, Качир ауданының Калинов ЖОМ математика мұғалімі Вересович Сергей Леонидович иеленді. Лингвистикалық ғалымдар бойынша І орын Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі Жакупова Камила Қабылмәжитқызы, ІІ орын Май ауданының Саты ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Болатхан Әміржан және Баянауыл ауданының Майқайың №1 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жұмабаев Дархан Маратұлы, ІІІ орын Павлодар қаласының № 29 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Қайыркенова Ақмарал Секербайқызы, Качир ауданының А.Текенов атындағы №2 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Серік Әсел, , Баянауыл ауылының «Еркетай» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Смаилов Абылай Маманұлы иеленді. Облыстық кезеңінің жеңімпаздары Павлодар облысы атынан 2016 жылғы 3-4 мамыр күндері Қостанай қаласындағы республикалық кезеңге қатысады. Облыстық сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерің құттықтаймыз !!! Шығармашылық табыс тілейміз !!!

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі