2016 жылғы 25 наурызда Павлодар қаласының № 25 ЖОМ негізінде пән мұғалімдері арасындағы XII облыстық олимпиадасы өтті. Педагогикалық олимпиада мұғалімдердің кәсіптік деңгейінің өсуіне ықпал етіп және облыс мұғалімдерінің арасында ең үздік мұғалімді анықтайды.
Облыстық білім басқармасы мен ББжТДИО олимпиаданың ұйымдастырушылары болып келеді. Олимпиадаға 15 пән бойынша 290 пән мұғалімдері қатысты. Ең көп пән мұғалімдері ағылшын тілі мұғалімдері болды. Әділ қазылар мүшелерін жоғары оқу орындарының білікті де, білімді де ұстаздары, ББжТДИО әдіскерлері, облыстың ең үздік мұғалімдері құрады. Олимпиада қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз бен жүлдегер анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалалық мұғалімдер командасы 10 жүлделі орындарға ие болды: 6 бірінші орын (орыс тілі, неміс тілі, физика, химия, география, бастауыш сынып), 2 екінші орын (тарих, география), 2 үшінші орын (қазақ тілі, информатика).
Бірінші орындар: орыс тілінде оқытылатын мектептегі орыс тілі I орын - Наталья Александровна Еленич, № 34 ЖОМ орыс тілі мұғалімі
неміс тілінен I орын - Надежда Сергеевна Фролова, № 39 ЖОМ неміс тілі мұғалімі
физика пәнінен I орын - Анатолий Владимирович Иванов, № 40 ЖОМ физика пәні мұғалімі
география пәнінен I орын - Севастьянова Юлия Михайловна, учитель географии школы № 9
химия пәнінен I орын- Татьяна Николаевна Трубецкая, № 43 химия пәні мұғалімі
қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сынып I орын - Айнұр Жұмакелдіқызы Уалинова, № 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі.
Екінші орындар: тарих пәнінен II орын – Ғамал Қайыркелдіқызы Күлжанов, Кенжекөл мектебінің тарих пәні мұғалімі
география пәнінен II орын – Айгүл Хайроллақызы Жапарғазинова, № 16 лицей-мектебінің география пәні мұғалімі
Үшінші орындар: орыс тілінде оқытылатын мектептегі қазақ тілі III орын– Ләйлім Нұрмұханқызы Рахатова, № 28 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі
информатика пәнінен III орын– Татьяна Анатольевна Потехина, № 9 ЖОМ информатика пәні мұғалімі. Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!! Шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!!!
Ш.С.Нұрахметова,
Павлодар қаласының әдістемелік кабинеттің меңгерушісі