Қалалық сырттай бақылау жүргізетін сараптамалық кеңесі «Стикс» мектебінде. 17 наурызда «Стикс» мектебінде қалалық сырттай бақылау жүргізетін сараптамалық кеңесінің отырысы өтті. Мектеп «Стикс» бейіндік бағыттағы мектебінде көпмәдениеттілік білім беру енгізу жолдары» тақырыбы бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Кеңес өткізу барысында мектеп оқушыларының тіл пәндері бойынша құзыреттілігін және ББД қалыптастырудан педагогтардың жинақталған тәжірибесі ортаға салынды . Мектепте бес тіл оқытылады-қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз. Отырыстың теориялық бөлімін тыңдағанда сараптамалық кеңесінің мүшелері мектептің көптілділік және көпмәдениеттілік білім беруді дамытудың негізгі мақсаттары, міндеттері, бағыттарымен таныстырылды. Гуманитарлық циклдің ӘБ жетекшілері өз тәжірибелерін жан-жақты көрсете білді. Тәжірибелік бөлім факультатив және дамыту циклінің авторлық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін тіл мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері М.С.Төлеубаева, К.Қ.Әбдірова, К.Т.Мүслімова, Н.П.Левина, А.И.Турий-Ладыко көптілділік және көплингвистикалық бойынша ашық сабақтары мен іс- шараларын жоғары әдістемелік деңгейде өткізді. Орыс тілі мұғалімі О.В.Кальсина мен мектеп психологі О.М.Кобец ашық сабақ берді. Шет тілі мұғалімдері Б.С.Сағитова, Т.Г.Сигакова, Л.А.Шмидт өткізген елтану бойынша факультатив курс сабағы интеграциялық шағын шеберханасы қатысушыларды қатты қызықтырды. «Стикс» мектебінің инновациялық іс-әрекеті бойынша жұмысы қалалық сараптамалық кеңесімен «үздік» деп бағаланды.
Қалалық сырттай бақылау жүргізетін сараптамалық кеңесі «Стикс» мектебінде