ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында есірткі постының қызметін жетілдіру және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасын іске асыру» тақырыбына семинар-практикум
15-12-2015 08:31
«2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында есірткі постының қызметін жетілдіру және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасын іске асыру»  тақырыбына семинар-практикум

Павлодар қаласының № 13 жалпы орта білім беру мектебінің базасында мектеп басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына арналған «2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында есірткі постының қызметін жетілдіру және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасын іске асыру» тақырыбына семинар-практикум өткізілді. № 20 лицей-мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ш.К. Нұрғалиева «2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты күшейту туралы» тақырыбына педагогтармен коучинг өткізді; мектеп психологы С.В. Гессе мектептегі есірті постының жұмысын үйлестіру бойынша психология қызметі жұмысының негізгі бағыттары туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті; № 36 ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ж.А. Умашева «2012-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және басқару» тақырыбы бойынша мектептің жұмыс тәжірибесін ұсынды. Семинардың практикалық бөлігінде № 13 жалпы орта білім беру мектебі балалар мен жасөспірімдер арасында ПБЗ қолданудың профилактикасы мен алдын алу бойынша панорамалық іс-шараларды ұсынды. Аталған іс-шараға оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-аналарда қатысты. Семинар-практикумның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға аталған бағыт бойынша әзірленген іс-шаралардың жинақтары ұсынылды. Жинақта ата-аналар және оқушылармен өткізілген жұмыстың түрі, жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар баяндалған.

IMG_0941