«Жалпы орта мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаушылық белсенділігінің алдын алу» тақырыбында қала мектептерінің психологтары үшін семинар
Павлодар қаласының білім беру бөлімі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша комиссиямен бірлесе № 7 ЖОМ базасында «Жалпы орта мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаушылық белсенділігінің алдын алу» тақырыбында қала мектептерінің психологтары үшін семинар өткізілді. Семинарда алдан алу шараларын жүргізу кезіндегі педагог-психологтардың медицина мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесу мәселелері қарастырылды. Осы мәселе бойынша үйлестіруші, Павлодар облысының тұрғындарына психологиялық көмек көрсету бойынша психологы С. А. Столяревская сөз сөйледі. Семинардың тәжірибелік бөлімін отбасылық психолог, «Игілік» ЖШС балалар сауықтыру-дамыту орталығының директоры Р.Т. Тұрсынова жүргізді, ол жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсар алдындағы жағдайының сұрақтарына жауап беріп, тәуекел топтағы балалармен жұмсау кезінде маска-терапияны қалай пайдалану керек екендігін айтып өтті. Семинарға қалалық жалпы орта мектептерінің педагог-психологтары қатысты.