Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
« Кәсіби –тұлғалы жас мамандар» клуб отырысы
27-11-2015 12:13
« Кәсіби –тұлғалы жас мамандар» клуб отырысы

«Нағыз шеберлік білімде емес, тәжірибе мен дағдыда»

Энкельман

Қаламызда жас мамандарды біріктіретін « Кәсіби - тұлғалы жас мамандар» клубы өз жұмысын жалғастыруда. Өзінің педагогикалық қызметін мектепте бастайтын жас мұғалімдер көптеген қиыншылықтарға ұшырасып, өзін сенімді сезе алмайды. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жас маманға тәжірибе қажет, ол тәжірибе уақытпен, ізденіспен келеді. Жас маман қандай қиыншылықтарға тап болады? Мүмкін ол өзіне деген аса үлкен сенімділіктің болуы, тәжірибенің жоқтығы, білім, білікті, сабақтың барысын, құрылымын білмеуі, оқушылардың зейінін өзіне аудара алмауы, өзінің сабағына қызығушылығын оята алмауы, ата-аналары мен әріптестерімен қарым-қатынасты ұйымастыра алмауы. Мектептің және қаланың әдістемелік қызметі мен педагог- психолог ұйымдарының басты міндеті, жас мұғалімдерге когнитивті (танымдық), ұйымдастырушылық, коммуникативті және тағы басқа істерге тәжірибелі болуға көмек көрсету. Клуб жетекшісі Н.В. Копыльцова жас мамандармен фильм көріп, оның мазмұнын талқылап, әркім өз пікірлерін мен көзқарастарын айтты. Пәнді оқытудағы маңызды сұрақтар болды. Олар: сабақтың әдіс-тәсілдері, сабақтың анализін жасау, күнпарақтық жоспар құру. Жас мамандар оқушының оқу ниетін жоғарлату жөнінде психолгтен кеңестер алды. Әр кездесуде жас маманға әдістемелік көмек көрсетіледі. Жас маман өзінің кәсіби тұрғыдан өсуге, туындаған проблеманы шешуге және өз білімін арттырудың жолдары туралы ұсыныстар алады. Әдістемелік көмек, тәлімгердің көмегімен жас маманның жұмысқа тез психологиялық бейімделуі мектеп ұжымы да көмектесу керек. Жас маман бар күшін табысты мұғалім болу мақсатында жұмсау қажет. Жас мамандарға әр ізденістеріңіз бен бастауларыңызда шығармашылық табыс тілеймін!

Ш.С. Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі