«Жаратылыстану - математикалық бағытының үздік әдістемелік бірлестігі» байқау-сайысының қорытындысы
Қазіргі кезде мектептердің әдістемелік жұмысында дәстүрлі форманы қолдану жеткіліксіз. Себебі, бүгінгі таңда ақпарат қарқын дамуда. Ал , дәстүрлі жүйе бұл қарқындылыққа үлесе алмайды. Сол себептен де білімнің жаңа модельіне көшу үшін әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру қажеті туындап отыр. Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 2015 жылғы 10 және 17 қараша күндері «Жаратылыстану-математикалық бағытының үздік әдістемелік бірлестігі» байқау-сайысы өтті. Бірінші кезеңде 49 әдістемелік бірлестігінің портфолиосы қарастырылып, 15 портфолио екінші кезеңге өтті. Қазылар алқасының құрамында жұмыс атқарғандар: ИнЕУ п. ғ. к., доцент Ж. Қ. Даниярова; ИнЕУ аға оқытушысы, магистр А. М. Утилова; әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова; № 21 мектеп директоры Т. Б. Веневитина; № 9 мектеп директорының орынбасары Е. В. Мұратхожина; С. Ж. Әлімова, Ж. З. Геложутдинова білім беру бөлімінің әдіскерлері. Сайыстың екі кезеңінің қорытындысы бойынша келесі мектептердің әдістемелік бірлестіктері жеңімпаз болып атанды:
І-орын - № 34 мектептің математика, физика және информатика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі;
ІІ-орын – № 29 мектептің химия, биология және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі;
ІІІ орын – № 16 мектептің математика, физика және информатика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі. Аталымдар бойынша келесі әдістемелік бірлестіктері жеңімпаз болды:
«Нәтижелі ӘБ» - № 35 мектептің химия, биология және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі;
«Шығармашыл ӘБ» - № 26 мектептің математика, физика және информатика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі;
«Тиімді ӘБ» - № 34 мектептің химия, биология және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі;
«Инновациялық ӘБ» - № 16 мектептің химия, биология және география мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі. Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және аталым иегерлерін құттықтаймыз! Барлығына жеңістер мен шығармашылық табыс тілейміз!
С. Ж. Әлімова, Ж. З. Геложутдинова Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскерлері