ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Стикс» мектебінің мақтанышы.
05-11-2015 12:39
2015 жылы 4 қарашада Астанада Ресей Федерациясының Елшілігінде «Устами ребенка говорит мир» халықаралық ән және би конкурсы өтті.Конкурстың жеңімпазы «Стикс» мектебінің 9 сынып оқушысы Юлия Ляхова болды. Юля оқу озаты, қазақ және неміс тілдерін бар ынтасымен меңгеріп жүр. Юля пән олимпиадаларының және шығармашылық конкурстарының жүлдегері және жеңімпазы: 2012жылы Болгарияда вокал өнерінің конкурсына қатысып 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, 2014 жылы Италияда (Рим) 13-15 жастағы балалар арасында өткен вокал фестивалінің жеңімпазы болды, (2010-2013) «Балауса» шығармашылық конкурсының лауреаты. 2015 жылы қазанда мектеп оқушылары «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаның облыстық кезеңінде мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгеруін көрсетіп, бұл конкурстың жеңімпазы атанды. Юля Ляхова іріктеу турының жеңімпазы ретінде Астанаға республикалық турына жолдама алды. Юля қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергенін «Тіл- мемлекеттің тәуелсіздігі нышаны» Республикалық қашықтық олимпиадада көрсетіп ,жеңімпаз атанды, республикалық турына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды ( Щучинск қаласы,2014 жылы).