ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Полилингвалды тілдік тұлғаның құзыреті» орыс және шет тілдер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар
26-10-2015 12:55
«Полилингвалды  тілдік тұлғаның құзыреті» орыс және шет тілдер мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік  жетекшілеріне арналған  семинар
№9 мектеп базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін әдістемелік бірлестік жетекшілеріне семинар өткізілді. Семинарға 80-нен астам әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Қала мектептерінің әдістемелік қызметтін жетілдіру, білім беретін мекемелерді әдістемелік қамтамассыз ету бүгінгі күні әдіскерлерді алаңдататын мәселелердің бірі. «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы шеңберінде ИнЕУ- мен өзара тиімді ынтымақтастық мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудағы білім кеңістігіне инновациялық ресурс ретінде әрекет етеді. ИнЕУ-дің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаевтың қатысуымен «Мектеп-ЖОО» бағдарламасы шеңберінде «Полилингвалды тілдік тұлғаның құзыреті» тақырыбында семинар өткізілді. Амангелді Рақышұлы тілдер туралы нормативтік-құқықтық базаға тоқталып, Қазақстан Республикасының тіл саясаты шеңберінде мемлекеттік құжаттарды оқу және түсіну басымдылығын айтып өтті. Шебер-сыныптар көрсету арқылы өтетін шет тілі мұғалімдері үшін кезекті әдістемелік семинар Алматы қаласында «Макмилан» өкілдігімен демалыс кездері өткізіледі, соңынан сертификаттар беріледі. Семинар қатысушылары семинар мазмұнын жоғары бағалап, алғыстарын айтып, алған білімдерін тәжірибеде іске асыру үшін ниеттерін білдірді.

Ш.С. Нұрахметова , Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі