Павлодар қаласының білім беретін мектептерінің оқушыларымен оқу-далалық жиындары өткізілуде
Алғашқы әскери дайындық бағдарламасын орындау мақсатында, 2016 жылдың 17-21 мамыры күндері қала мектептерінің 10 сынып оқушыларынан 346 ұл бала Шарбақты ауданындағы «Орман ертегісі» сауықтыру лагерінің базасында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына жіберілді. Тәжірибелік сабақтарда оқушылар әскери сапқа тұру дайындығы мен білімдерін, оқ ату, ұрыс алаңындағы тактика шеберлігін жетілдіреді, әскери ән айту фестиваліне қатысып, интернационалист жауынгерлермен кездесулер өткізеді.


