Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Жас жол инспекторлар қозғалысы слеті
29-04-2016 04:51
Жас жол инспекторлар қозғалысы слеті
Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру ,жол қауіпсіздігін есте сақтау, жол ережесінің белгілерімен танысу, көшеде дұрыс жүріп, балалар арасында жол ережесін бұзушылықты болдырмау мақсатында жыл сайын жас инспекторлар жол қозғалысы слеті болып өтеді. 2016 жылы сәуір айының 28 жұлдызында №36 ЭБЖОБББ мектебінде қала мектептерінің жас жол инспекторлары арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қауіпсіз доңғалақ» атты сайыс болып өтті. Сайысқа №14, №18, №22, №24, №25, №34, №35, №42, Жетекші орта мектептері қатысты. Сайыс 6 кезеңнен өткізілді.
  1. «Саппен жүру»
  2. «Жас реттеуші»
3.«Жол ережесінің білімпаздары» 4.«Жас санитар» 5.«Велосипедшілер сайысы» 6.«Үгіт бригадалар сайысы» Оқушылардың практикалық және теориялық білімдерін бағалау үшін әділқазылар сайланды. Әділқазылар құрамы: Павлодар қаласы УВД полиция капитаны Арман Оразбекұлы Әшіренов, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Айгүл Серіковна Толектемирова, Павлодар облысы «Қызыл ай» қоғамының директоры Гульнара Мұхамедкаримовна Исаканова, жүргізушілер дайындау орталығының аға оқытушысы Василевский Владимир Павлович, лейтенант Сапаров Сунгат Оразович, балалар техникалық мектеп директоры Александр Зозуля, БМК инструкторлары Сембаев Ренат Ерекович,Перец Сергей Олегович, №36 мектептің ден шынықтыру мұғалімдері Наталья Васильевна Воробьева, Татьяна Владимировна Лобановалар. Сайыстың қорытындысы бойынша «Жас жол инспекторлары» сайысының жеңімпазы Жетекші орта мектебі атанды. Алдағы кезде осы мектеп оқушылары облыстық сайысқа қатысады. Облыстық сайыста жеңімпаз атанса Павлодар облысының атынан республикалық сайысқа жолдама алады.