"Қосымша білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту шарттарының бірі ретінде" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
2016 жылдың 31 наурызында Кенжекөл ауылының БММ базасында "Қосымша білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту шарттарының бірі ретінде" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты оң тәжірибені анықтау және тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес қосымша білім беру жүйесін жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу болды. Семинар жұмысы екі секторға бөлінді: 1) музыкалық білім беру 2) өнер және шеберлік Павлодар қаласының қосымша білім беру педагогтарымен (КСМ №1, БММ №1, БММ №2, БММ №3, Кенжекөл ауылы БММ) шебер-сыныптар өткізілді, оқушылардың шығармашылық ерекшеліктерін ашу үшін ашық сабақтан үзінділер көрсетілді, инновациялық технологияларды енгізу арқылы баяндамалар оқылды, орындау техникасы жетілдірілді. Семинар жылы достастық, ынтымақтастық жағдайында өтті. Семинарды ұйымдастырушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен Кенжекөл ауылының балалар музыкалық мектебі.