Белорус бөлімшесінде балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Аналар күні» мерекесі өткізілді. Әлеуметтік театр, ән, аналар мен әжелеріне жолданған ақ сезімдері көрермендерді жағымды, жайлы сезімге бөлеп, қуанышқа бөледі. Осындай күнтізбелі-ғұрыпты мерекеде балалар өздерінің ұлттық ойындағы шеберліктерін, ата-аналарымен бірігіп ұлттық билерді үйренудегі шығармашылықтарын көрсетіп, әдеттегідей достық шеңберімен аяқтады. ҚББМ Л.Богнат, Т.Пучек, И.Зайцеваның жетекшілігімен бұл мерекеге 40 тәрбиеленуші қатысты. Ата-аналар мен әжелердің, қонақтардың осындай мереке сыйлаған балаларға алғыстары шексіз еді.