ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ ОУЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
13-05-2015 13:34

«Махамбет Өтемісұлы оқулары»

ІV қалалық оқуларының қорытындысы туралы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2012 -2013 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 35 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлын оқуларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2013 жылғы 3 мамыр дәстүрлі қалалық

«ІV Махамбет Өтемісұлы оқулары»өткізілді.

Қазақтың батыр да тарлан ақыны-Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіріп олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.

Екінші рет қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 2, 4, 5, 6, 7, 9, 12, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 28, 33, 34, 35, 38, 39, 43, КОМ ( 23 мектептен 45 оқушы қатысты).

Аталған оқуға қатыспаған мектептер: 11, 13, 14, 24, 27, 29, 30, 31, 32, 40, 41, 42, Стикс.

Оқу үш номинациядан өтті:

І.«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп оқу аталымы бойынша

Бас жүлдеге № 4 ЖОМ 11 қазақ сынып оқушысы Байгелова Дана ие болды;

І орынға – № 2 ЖОМ 6 қазақ сыныбы оқушысы Тотаев Мадияр иеленді;

ІІ орындарды – № 5 ЖОМ 5 орыс сыныбы оқушысы Арман Бейбарыс және № 25 ЖОМ 6 қазақ сыныбы оқушысы Құрмашев Абылайхан мен № 35 ЖОМ 6 қазақ сынып оқушысы Есенбек Болат алды.

ІІІ орындарды - № 12 ЖОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Баймұратова Самал және № 17 ЖОМ 8 орыс сыныбы оқушысы Бибанов Даниил мен № 19 ЖОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Нұрдуллаев Азатбек, № 21 ЖОМ 7 қазақ сыныбы оқушысы Ақанғалиева Дина, № 43 ЖОМ 9 орыс сыныбы оқушысы Кожанов Жәнібек пен № 16 лицей-мектебі 9 орыс сыныбы оқушысы Богданова Дианалар қол жеткізді.

Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: 6, 7, 20, 22, 33, 34, 38, КОМ.

ІІ. “Ұлы арман” – Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы аталымы бойынша үш оқушы қатысып, үшеуі де жүлделі орын алды, олар,

ІІ орындарды- № 35 ЖОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Омар Индира мен КОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Құдыш Тоғжан иеленді.

ІІІ орынды - № 33 ЖОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Жақсылық Жұлдыз алды.

ІІІ.«Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындар, дарындар сайысы

(өзінің шығарған шығармасын орындау, өлең, ән, музыкалық шығармалар) аталымы бойынша

Бас жүлдеге № 2 ЖОМ 5 қазақ сынып оқушысы Өсербайұлы Серікжан ие болды;

І орынға – № 19 ЖОМ 6 қазақ сыныбы оқушысы Ксембай Меруерт пен № 35 ЖОМ 8 қазақ сыныбы оқушысы Еламанұлы Нұрбек иеленді;

ІІ орынға – КОМ 7 қазақ сыныбы оқушысы Бұсырманов Азат мен № 25 ЖОМ 6 қазақ сыныбы оқушысы Белқожанова Зарина ие болды;

ІІІ орындарды - № 12 ЖОМ 8 қазақ сыныбы оқушысы Тлеуберген Бұлбұл және № 33 ЖОМ 9 қазақ сыныбы оқушысы Өмірбек Еламен мен № 38 ЖОМ 6 қазақ сыныбы оқушысы Сатбол Ерекежан және № 22 5 қазақ сыныбы оқушысы Биболат Нәйля қол жеткізді.

17 мамырдағы облыс көлемінде өткізілетін «Махамбет Өтемісұлы оқуларына» қатысу жолдамасын «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп оқуға № 4 ЖОМ 11 қазақ сынып оқушысы Байгелова Дана және «Тартынбай сөйлер асылмын... » жас ақындар, дарындар сайысы (өзінің шығарған шығармасын орындау, өлең, ән, музыкалық шығармалар) аталымына № 2 ЖОМ 5 қазақ сынып оқушысы Өсербайұлы Серікжан, сонымен қатар “Ұлы арман” – Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы аталымына № 35 ЖОМ 9 қазақ сынып оқушысы Омар Индира алды.