ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
53 ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
12-05-2015 01:28
53 ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Оқушылардың қалалық 53 –ші пән олимпиадасының қорытындысы туралы Павлодар қ. білім беру бөлімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы «2012 – 2013 оқу жылдарында оқушылардың пән олипиадаларын өткізу туралы» № 1715 бұйрығына сәйкес жоғары сыныптардың қалалық пән олипиадасы 2014 жылғы 11-12 желтоқсанда № 22 орта жалпы білім беру мектебінде өткізілді. Қалалық олимпиаданың алдында мектептік пән олимпиадалары болып өтті, оған 12399 оқушы қатынасты, оның 4804 –і қазақ тілінде білім алушылар, 543-і ауыл мектептерінен, 74 –і жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптарынан болды. Қалалық олимпиадаға 15 пән бойынша 6-11 сыныптардың 678 оқушысы қатынасты, оның 235 – і мемлекеттік тілде оқытылатындар, 37-сі жеке пәндерді тереңдетіп оқу сыныптарынан, 34 - і ауыл мектептерінен келді. Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы олимпиадаға тапсырмалар ұсынды. Апелляциялық комиссия өз жұмысын аяқтаған соң, 2014 жылғы 12 желтоқсанда қалалық олимпиаданың нақты қорытындылары шығарылды. Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар: № 9 гимназия-мектебі - 21 жүлделі орын № 39 ЖОМ - 17 жүлделі орын және 2 грамота № 22 ЖОМ - 16 жүлделі орын және 1 грамота № 25 ЖОМ - 14 жүлделі орын және 3 грамота № 19 ЖОМ - 14 жүлделі орын және 1 грамота «Стикс» мектебі- 13 жүлделі орын және 1 грамота № 16 лицей-мектебі - 11 жүлделі орын және 3 грамота № 17 - 10 жүлделі орын және 3 грамота нәтижелі қатысқан мектеп командалары: № 20 лицей-мектебі, № 21, 29, 35 - 8 жүлделі орын. Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша 9-10 қаңтарда 2015 жылы өткізілетін облыстық турға 20 жалпы білім беру мектептердің 47 қатысушылары ұсынылды: № 11, 14, 19, 21, 24, 25, 29, 30, 33, 35, 36, 41, 43, КСОШ Кенжекөл мектептерінен (1 оқушы), № 16, 20 лицей-мектебі, № 17 ЖОМ - (2 оқушы), № 9 гимназия-мектебі - (5 оқушы), № 39 ЖОМ - (7 оқушы), № 22 ЖОМ ( 7 оқушы), «Стикс» мектебі - (8 оқушы).