Сектор мамандарының жұмыстарын бағдарлап, үйлестіруге;
-
Мектепке дейінгі мекемелер, соның ішінде қазақ тілінде оқытатын мекемелер желісін сақтап қалу мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруға;
-
Педагог кадрлардың аттестациясына дайындау және оны өткізу барысын қадағалауға;
-
Басшылық қызметке дайындау бойынша кадрлардың резервімен жұмыс жасауға;
-
Сектордың ай сайынғы жұмыстарын жоспарлауға;
-
Сектордың және білім беру мекемелерінің жұмыстары бойынша қорытынды сараптамалық ақпараттың дайындығын іске асыруға;
-
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері туралы марапаттау үшін ақпарат беруге;
-
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен байланыс жасауға;
-
Жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша есептер беруге, білім беру бөлімінің қарамағындағы мекемелерде қызмет жасайтын қызметкерлердің мемлекеттік мерекелерге қатысуы бойынша ақпарат дайындауға;