«ІІ Өркенің өссін ! »
қалалық конкурсының қорытындысы туралы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына қосымша «2012-2013 жылдарға арналған қалалық тілдерді қолдану мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында 2013 сәуір айында № 35 мектебінің базасында Павлодар қаласының оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептерінің 7 сынып оқушылары арасында осымен екінші рет «ІІ Өркенің өссін!» қалалық конкурсы өткізілді.
Халқымыздың ата – бабадан келе жатқан, бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс – салтын, жақсы үлгі - өнегесін, ізгілікті сән – салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін насихаттау. Баланың ой - өрісін ізденімпаздыққа, жан – жақтылыққа шақыру, кемел болашақтың ұл-қыздарын тәрбиелеу, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен білім деңгейлерін анықтау конкурстың негізгі мақсаты болды. Конкурсқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты. Жалпы конкурсқа қатысушы оқушылардың дайындық деңгейлері сайысқа қатысудың ереже талаптарына сәйкес екенін айтуға болады.
Конкурсқа қатысуға қазақ тілінде оқытылатын 7 сыныптары бар 17 мектептің 14 мектебі өтініш беріп, іріктеу кезеңінен 7 мектеп өтті № 4, 12, 17, 26,30, 35, Кенжекөл мектептері финалдық конкурсқа жолдама алды.
Конкурс қорытындысы бойынша:
Бас жүлдеге –№ 17 ЖОМ «Көк бөрі» командасы ие болды;
І орынды –№ 35 ЖОМ «Таңшолпан» командасы алды;
ІІ орынға № 26 ЖОМ «Балауса» тобы шықты;
ІІІ орынды № 4 ЖОМ « Оян, қазақ» иеленді.
№ 12, 30, Кенжекөл мектептері білім беру бөлімінің аталымдық дипломдарымен марапатталды