2017 жылғы 25 ақпанда № 2 ЖОМ-да өткен Павлодар қаласы мектептерінің директорлар кеңесінде ҚР «Тілдер туралы» Заңының, тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы, қазақ тілін оқыту сапасы, дене шынықтыру және АӘД оқыту жағдайы, мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамалар талабын сақтау, облыстық пәндер олимпиадасының қорытындылары, 2016 жылдың қортындысы бойынша коммуналдық қызметтер төлемінің бюджеттік қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мониторинг қорытындысы, қала мектептерінің түлектерін қорытынды аттестация мен ҰБТ-ға даярлау бойынша жұмыс жағдайы туралы сұрақтар қаралды.
№ 7 ЖОМ директорының түлектерді қорытынды аттестацияға даярлау жағдайы, 2017 жылға арналған нәтижелерге қол жеткізу туралы Меморандумның көрсеткіштерін бекіту сұрақтары бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы есебі тындалды. Білім беру бөлімінің басшысы назарды түлектерді емтихандар мен ҰБТ-ға, 2017 жылғы 1 маусымдағы ансамблдер шеруіне дайындыққа, көктемгі су тасқының алдын алу шараларына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға бөлді.