2017 жылы 14 наурызда Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен «ЗАҢ» азаматтық-құқықтық мектеп оқушылары үшін «Ою-өрнек» шеберлік сабағы өткізілді. Мақсаты - ұлттық ою-өрнекті құру техникасы және ұлттық шығармашылықпен танысу, түсін, орналасу, формасын, өрнек элементінің айырмашылығы, еңбек, ұлттық шығармашылыққа сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Оқушыларға ою-өрнек дайындау бойынша кіріспе әңгіме өткізілді, басқа балалармен дайындалған, дайын бұйымдардың үлгілері көрсетілді. Ою-өрнектін үлгілері дайындалды. Сонан соң сабақ «Наурыз» квест-ойынымен жалғасты, мұнда қатысушылар алдымыздағы мерекеге арналған тапсырмалар орындады.
Шеберлік сабағының қатысушыларын ұлттық ою-өрнекті құру техникасы қызықтырды, олар қошқармүйіз, қазмойын, гүл, балта, тұмар ою-өрнегін оюды үйренді. Шараларға № 6, 9,15, 26, 27, 28, 29, 34 қала мектептерінің 32 оқушысы қатысты.