ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 38 мектеп оқушысы Абайдың 60 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа оқиды
17-03-2017 11:24
№ 38 мектеп оқушысы Абайдың 60 өлеңі мен 3 поэмасын жатқа оқиды

Павлодар қаласы білім беру бөлімімен «XVІІІ Абай Құнанбаев пен Шәкәрім  Құдайбердіұлы» оқулары өткізілді. Сайыс № 35 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сынып оқушыларының арасында  өтті.

Оқудың мақсаты- қазақтың ұлы ойшыл ақындары-Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында  тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу.

Қалалық деңгейде өткен оқуға жоғары белсенділік көрсетіп, қатысуға ынта білдірген мектептер: № 1, 2, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13,14, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, КОМ, ЖОМ. Қаланың 37 мектебінен 112 оқушы қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу номинациясы бойынша табиғатынан тамаша дарын иесі № 38 ЖОМ, 7-сынып оқушысы Дауан Бахберген бас жүлдеге ие болды. 7 жасынан Абай өлеңдерін оқып, 60 өлең, 3 поэманы жатқа оқиды. Бос уақытында өлең жазумен айналысады.

І орын №17 ЖОМ, 5-сынып оқушысы Ғалымжан Айбек, ІІ орын № 7 ЖОМ

6-сынып оқушысы Ещанова Аружан, № 20 лицей мектебінің 9-сынып оқушысы Төлеуұлы Ғазиз, ІІІ орын № 37 ЖОМ 6-сынып оқушысы Әділбекова Айым, № 35 ЖОМ 6-сынып оқушысы Шакирова Жадыра. № 33 ЖОМ  оқушысы Темиржанова Мерей, № 4 ЖОМ оқушысы Ляпина Анастасияға алғыс хат табысталды.

          «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» жас ақындар номинациясында

ақындық дарынымен топ жарған  № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Түсіпбекова Дамира бас жүлдеге ие болды. Қазақ тілінен білімін түрлі облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, көрсетуде. І орын № 35 ЖОМ  10-сынып оқушысы Жылқыбай Шыңғыс, ІІ орын № 2 ЖОМ 10-сынып оқушысы Ахан Жұрағат, ІІІ орын № 24 ЖОМ 8-сынып оқушысы  Көлтай Мақсат. № 12 ЖОМ оқушысы Сайабек Бауыржан, № 38 ЖОМ оқушысы Сатбол Ердосқа алғыс хат табысталды.

         «Көңілім әнді ұғады» Абай әндерін орындау аталымында 4 жасынан ән айтатын, қалалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы № 37 ЖОМ

8-сынып оқушысы Сушинова Томирис бас жүлдені иеленді. І орын № 35 ЖОМ  10-сынып оқушысы Сейтова Дильдара, ІІ орын № 2 ЖОМ 5-сынып оқушысы Шәмет Алтынай, ІІІ орын Кенжекөл ЖОМ 7-сынып оқушысы Красиловец Эмилия. Алғыс хаттармен № 25 ЖОМ Ахметжанова Шолпан, № 41 ЖОМ Маршал Виктория, № 33 ЖОМ Шаймарданов Нұрмұхамед, № 9 ЖОМ Папова Юлия марапатталды.

«VІІ Адамдық борышың... Шәкәрім Құдайбердіұлы» оқулары бойынша І орын № 37 ЖОМ 7-сынып оқушысы Қуанышбекова Дильназ, ІІ орын № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Бекмұхамед Гүлзат, ІІІ орын № 21 ЖОМ 9-сынып оқушысы Қажымұқанова Гүлжан, Кенжекөл ЖОМ 7-сынып оқушысы Альгужинова Альмира иеленді.

Қалалық «XVІІІ Абай Құнанбаев» оқуларынан жүлделі орындарға ие болған оқушылар «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқудан № 38 ЖОМ,7-сынып оқушысы Дауан Бахберген, «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар аталымы бойынша № 25 ЖОМ 8-сынып оқушысы Түсіпбекова Дамира, «Көңiлiм әндi ұғады» әндер орындауынан № 37 ЖОМ, 8-сынып оқушысы Сушинова Томирис облыстық Абай оқуларына қатысады.