ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Хор және вокал музыкасының мерекесі
02-05-2017 10:23
Хор және вокал музыкасының мерекесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 27 - 28 сәуір күндері Құрманғазы атындағы № 1 Балалар музыка мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын бұлақ» VIІ қалалық фестиваль-конкурсын өткізілді. Іс-шараның мақсаты - балалар хорында ән айтуды сақтау, қолдау және дамыту, вокал өнері саласындағы талантты балаларды іздеу.

Фестивальге  қаланың музыка мектептердің 280 білім алушы құрамында хор және вокал музыкасының хор ұжымдары менмузыка мектептерінің жеке ән айту бөлімінің оқушылары қатысты. Екі күн бойы концерт залы балалардың сыңғырлаған дауыстарына толы болды (28 жеке ән орындаушы, 7 хор ұжымы, 3 вокалды ансамбль). Жас дарындылар өз шеберліктерін көрсетіп, ең керемет аспаптардың сүйемелдеуімен – дауысымен өнер көрсетті.

№ 1 балалар музыка мектебінің «Жоғары сынып оқушыларының хоры» тыңдаушылардың жүректерін жаулап алды, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников. Ұжым Н. Римского-Корсакованың «Не ветер, вея с высоты», И. Лученок «Майский вальс» шығармаларын керемет орындады. Конкурсқа қатысушы вокалшылар өздерінің шығармашылық әлеуетін толық көрсетіп, дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Орындау нәтижелері бойынша 25 жүлделі орын белгіленді. Жеке орындаушылар арасында «эстрадалық вокал» номинациясында І дәрежелі лаурет атанғандар: № 2 балалар музыка мектебінің оқушылары Фомин Игорь, Шоканова Даяна,Терликбаева Алуа, педагогы Анжела Николаевна Король, № 1 Балалар музыкалық мектебінің оқушысы Каркада Анастасия, педагогы Анжела Николаевна Король, № 3 Балалар музыкалық мектебінің оқушысы Дорожкина Дарья, педагогы Шолпан Каирлыевна Сарсенова.