ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Дінтану бойынша облыстық сайысының қорытындысы
04-05-2017 03:34
Дінтану бойынша облыстық сайысының қорытындысы

Облыстық сайыстың қорытындысы бойынша дінтану мұғалімдерінің финал кезеңінде «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша І орынды № 20 мектеп-лицейінің тарих мұғалімі Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаев иеленді, ІІ орынды Кенжекөл ЖОМ тарих мұғалімі Гамал Қайыргелдіұлы Күлжанов, ІІІ орынды № 35 ЖОМ тарих мұғалімі Қалқа Хамитқызы Жунуспаева иеленді. «Ең үздік инновациялық сабақ» аталымы № 29 ЖОМ тарих пәні мұғалімі Болат Дәулетұлы Сапановқа берілді. Финал кезеңінің барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды.  

Сайысқа барлығы 22 сабақ әзірлемесі ұсынылды, ақтық кезеңге 14 жұмыс өтті, оның ішінде 4 жұмыс Павлодар қаласының тарих пәні мұғалімдерінің жұмыстары. «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша ең үздік сабақ әзірлемесі сайысын облыстық білім беру басқармасы 2017 жылы 10 - 27 сәуір аралығында өткізді. Сайыстың қорытынды кезеңі 27 сәуірде Павлодар көлік және коммуникация колледжінде ұйымдастырылды.