ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«ПроЛС» клубының жұмысы педагогикалық рингпен аяқталды
05-05-2017 03:34
«ПроЛС» клубының жұмысы педагогикалық рингпен аяқталды

Шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мамандармен ПроЛС клубының қатысушыларының тәжірибесін тарату мақсатында № 41 ЖОМ «Педагогикалық ринг - 2017» қалалық сайысының қорытынды кезеңі өткізілді. Клуб жыл сайын өз қатарларына жас мамандарды, педагогикалық оқу мекемелерінің түлектерін қабылдайды. Клуб жұмысының нәтижесі 2017 жылы  «Педагогикалық ринг» сайысымен аяқталды (2015 жылы жас мамандардың конференциясы өткізілді, 2016 жылы жас мамандардың І форумы болды).

Сайыс іріктеу және финал кезеңдерінен тұрды. Іріктеу кезеңіне барлығы 130 мұғалім құрамында 26 команда сұраныс берді. Командалар «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің рөлі» тақырыбында ээсе жазды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 10 команда келесі сайысқа қатысуға мүмкіндік алды:  «Жас ұлан» № 9 ЖОМ, «Оптимисттер» № 16 ЖОМ, «Ювента» № 21 ЖОМ, «Болашак» № 22 ЖОМ, «Зияткерлер» №25 ЖОМ, «Непохожие» № 26 ЖОМ, «Жалын» № 30 ЖОМ, «Большая перемена» № 34 ЖОМ, «Муравейник»  № 36 ЖОМ, «ЭКСПО»  № 43 ЖОМ.

Сайыстың қорытынды кезеңінде командалар электрондық  таныстыруларын  көрсетті, экспресс - сұрақ кезеңіне қатысты,  «Өмір - ойын» педагогикалық  жағдайларды шешулеріне қатысып, «Менің әуестігім»  тақырыбы бойынша үй тапсырмасын қорғады. Командалар әуес істері бойынша өздерінің бірегейліктері мен шығармашылықтарымен ерекше көзге түсті,   педагогикалық  жағдайларды  шешуде әзілмен нақты әрі тұщымды жауап бере білді.

     Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені «Оптимисттер» командасы иеленді, І орынды «Большая перемена» командасы, ІІ орынды «Жас ұлан» командасы иеленсе, III орынды «Муравейник» және «Зияткерлер» командалары өзара бөлісіп алды. «Ювента», «Болашак», «Непохожие» «Жалын», ЭКСПО» командалары сайыстың лауреаттары болып белгіленді. Жеңімпаздар мен жүлдегелер білім беру бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің мадақтау қағаздарымен және ақшалы сыйақымен марапатталды.

Сараптама комиссия мүшелері құрамында Павлодар мемлекеттік институтының ғалымдары мен оқытушылары, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары, қалалық кәсіподақ қызметкерлері, білім беру бөлімінің әдіскерлері, мектеп басшылары, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатысты.