ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Жеңіс күніңе арналған мұражай сабақтары
05-05-2017 11:57
Ұлы Жеңіс күніңе арналған мұражай сабақтары

2017 жылдың 5 мамырындаҰлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған «Еске сақтау» атты мұражай сабақтарына Павлодар қаласы жалпы орта мектептерінің 108 оқушысы мен 15 педагогы қатысты. Бұл күні сабаққа Сабаққа№ 1, 5, 6, 7, 13, 14, 16, 21, 22, 25, 35, 36, 38, 40, 41 ЖОМ оқушылары қатысты.

«Ардагер аталар - ізшіл немерелер» мұражайында«Тарихқа жүгініп...» облыстық жоба аясында сабақ топтамасы өткізілді. Патриоттық сабақтардың ұйымдастырушылары облыстық оқушылар Сарайының балалардың бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімі және «Жас Ұлан» Біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымы штабы болды.

Мұражай сабағында экскурссиялар, Ұлы Отан соғысы туралы қызықты викториналар өтті. Мұражай жетекшісі Бахыт Беккожина әскери тақырыпқа арналған фильмдерді көрсету үшін әзірледі. «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылары Нариман Абильман, Софья Ахметжанова, Милена Блинниковалар бұл күні қызықты экскурссия жетекшілері болды. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары туралы айтып, оқушыларға қызықты викторина ойнатты.

«Ардагер аталар - ізшіл немерелер» мұражайыоблысымызда жалғыз болып табылады. Мұражай экспозициясында тарихтың қайғылы парақтарын бейнелейтін - Ұлы Отан соғысына қатысты 400 астам барлау істері мен мыңнан астам жәдігерлер бар.