ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстанның жас музыканттардың кездесуі
10-05-2017 11:55
Қазақстанның жас музыканттардың кездесуі

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі Павлодар музыкалық колледжімен бірлесіп 50-ші мерейлі республикалық фестиваль-конкурсының қатысушыларын, жас музыканттарды қарсы алды.

Фестиваль қорытындылары бойынша мектеп оқушылары жоғары музыкалық білімдерін көрсетті. Жоғары жас ерекшелік топта Диана Рудишева «Фортепиано» номинациясында І дәрежелі лауреат атанды, педагогы Елена Александровна Попова. Оның орындауында А.Толықпаеваның өңдеуімен қазақтың халық әні «Япурай» әні керемет шықты, кәсіби және стильде Л. Бетховеннің № 27 сонатасы ойналды. Куршакова Ирина  ІІ дәрежелі лауреат атанды, педагогы Мира Борисовна Зверева. «Хор өнері» номинациясында ІІ дәрежелі лауреатты музыка мектебінің жоғары сыныптарының хоры иеленді, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников. Хордың орындауында халық әні, композитор-классиктерінің шығармалары, қазақстандық композиторлар, заманауи шығармалар шырқалды. Балалар «Парижское танго» және «Чаттануга чу-чу» шығармаларын аса шеберлікпен орындады. Жеңімпаздарға лауреат дипломдары мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Конкурс лауреаттарын дайындаған оқытушылар мен сүйемелдеушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарын алды.

Қазақстан Республикасы өңірлерінен хор ұжымдары мен балалар музыка және өнер мектептерінің қатысуымен өткен конкурс «Фортепиано» және «Хор өнері» номинациялары бойынша Павлодар музыкалық колледжі мен          № 1 балалар музыка мектебінде 6 - 8 мамыр аралығында өтті. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі талантты балаларды анықтау және қолдау, кәсіби музыканы одан әрі өсіру мақсатында өткізді.