ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысы
11-05-2017 03:48
Республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытындысы

Кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі бар жас мамандар арасындағы XІI республикалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында 20 педагогтен тұратын команда Павлодар облысының намысын қорғады. Оның құрамында 9 жас педагог Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінен (Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінен 17 қатысушының 10 ұстазы облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен  жүлдегерлері атанды).

Олимпиада қорытындысы бойынша 10 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанып, 5 жас педагог бұл атақты конкурстың номинанттары атанды, оның ішінде Павлодар қаласының 5 жас маманы жүлделі орындарға ие болды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломымен № 29 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алтынгүл Арманқызы Исполова, ІІ дәрежелі дипломымен № 40 ЖОМ логопеді Қымбат Ғалламқызы Матай, №22 ЖОМ ағылшын тілі мұғалімі Қызғалдақ Талғатқызы Тілен,  ІІІ дәрежелі дипломымен № 21 ЖОМ тарих мұғалімі Максим Иванович Шишлов марапатталды. «Өз ісінің шебері» номинациясында № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Дарья Николаевна Разумейко, республикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттар табыс етілді. Олимпиада 4 - 5 мамырда Алматы қаласында отті.