ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорт аренасында кездесу
12-05-2017 04:25
Спорт аренасында кездесу

Павлодар қаласының № 34 ЖОМ спорт залында Отан қорғаушылар күніне арналған «Әр кез үздік те, әйгілі де, үйлесімді бол» атты спорттық-командалық ойыны өтті. Ойынға «Спорт бекеті» атты ұстаздар командасы, «Ертіс» атты ата-аналар командасы және 9-сынып оқушыларының «Тайгер» командасы қатысты. Команда құрамы 18 оқушыдан тұрады.

Жарыс команда капитаны өткізген әсерлі әнмен қоса жаттығудан басталды. Ойынның аясында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері қатысушыларға «Салмақ тасу», «Кедергіден секіру», «Допты шығыршылққа лақтыру», «Боулинг» эстафеталарын ұсынды. Капитан сайысында баскетбол добын шығыршыққа лақтыруда ең мерген снайпершіні анықтады. Жаңа спорттық құрал-жабдықтармен «Самрұқ-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жаңа стандарттары мен технологияларын қолданумен «Біз спортты таңдаймыз» облыстық сайысына қатысу және жеңіске жету үшін көпіршіктен жасалған белдік пен цилиндр, кедергілер мен текшелер, стритбол бағанасы, секіруге арналған доптар, ағаштан жасалған кегельдерді қолданумен спорттық ойындар өткізілді. Алайда, жарыстардың шыңы флорбол добымен хоккей ойынын тамашалау болды. Жанкүйейлер өз командаларын думанды қарсы алды.

Ойынның қорытындысы бойынша І орынға «Тайгер», ІІ орынға «Ертіс» командасы ие болып, үштікті «Спорт бекеті» командасы тұйықтады. «Біз ата-аналармен «Қызықты жарыстар», волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисін ойнау бойынша кездесулер өткіземіз. Осы жолы жаңа спорт құрал-жабдықтарын көрсетуді ұйғардық», - деді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мейрам Каримович Скаков.