ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көптілді орта: идеядан тәжірибеге
12-05-2017 06:30
Көптілді орта: идеядан тәжірибеге

«Көптілді орта: идеядан тәжірибеге» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясына Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мамандары, жалпы білім беретін мектептердің химия, тарих, биология, қазақ, ағылшын, орыстілдері мұғалімдері қатысты. Конференция 2017 жылғы 11 мамыр Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты БАҰО «Өрлеу» филиалымен өткізілді.

Конференцияда көптілділікті мәселелері бойынша Инновациялық Еуразия университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің, «НЗМ»  ДБҰ біліктілігін арттыру институтының өкілдері сөз сөйледі. Конференцияның тәжірибелік бөлігі № 3 дарынды балаларға арналған гимназияда және қаланың 3 жалпы білім беру мектептерінде жүргізілді.

№ 16 ЖОМ конференция қатысушыларына ағылшын тілі элементтерін қолдана отырып «Табиғат-біздің айналамызда» атты 6 сыныпта биология сабағы көрсетілді. Сабақта оқушылар, топтарында өзара ықпалдастық орнатып, ағылшын тілінің негізгі терминдерін пайдалана отырып тақырыпты қарастырды (мұғалімі Е. Л. Чайковская). Жаңартылған оқыту аясында және 3-тілді енгізілу тәртібін 1-сынып сабақтарына қатысты ағылшын және қазақ тілдері 1-ші сыныптарда. Оқушылар тапсырмаларды өзара топтық қарым-қатынаста қазақ, ағылшын тілдерінде орындап, сұрақтарға жауап беріп, сөйлемдерді құрастырды (ағылшын тілі мұғалімі Е. В. Кубасова, Каиржанова А. С., қазақ тілі Искакова А. С.). Конференцияға қатысушылары көптілді мектепте оқыту даму жоспарымен, дидактикалық материалдармен сәйкес таныстырылды (бағдарламалар, мұғалімдерге арналған жадынамалар,психолог жадынамалары, қосымша курстар).

№ 39 ЖОМ - облыстық эксперименттік алаңында «Атамекен» - бастауыш сынып оқушылары үшін қазақ тілін қолдана отырып пропедевтивтік тарих курсы, (командалық оқыту тарих пәнінің мұғалімдері Тулькубековой М. Х., қазақ тілі Толеубаевой Г. М.), «Pavlodar Region» - «Өлкетану» 8 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пайдалана отырып (ағылшын тілі мұғалімі Крюковская А. Ю.), «English Plas» - «Физикасына кіріспе» 6 сынып оқушылары үшін (ағылшын тілі мұғалімі Жукова Т. В.) бойынша көптілділікті дамыту арнайы курстар енгізу туралы көрсетілді. Мектепте сондай-ақ, қазақ тілінде «Жаратылыстану» базалық пәнін оқыту жүзеге асырылады (география пәні мұғалімі Увалиев А. А.). Мұғалім-экспериментшілер институттың алғыс хаттарымен марапатталды.

№ 42 ЖОМ қазақ тілі сабағында 4-сынып оқушылары тапсырмаларды сыни тұрғысынан ойлау жұмыс режимінде орындады (мұғалімі Жаменкенова А. З.). Ағылшын тілі сабағында 3-сынып оқушыларыағылшын тілін оқығанда және мәтіндердіаудару, сөйлемдерді құрастыруда, қоршаған ортаны қорғау туралы әндер орындағанда ағылшын тілінің меңгеру дағдыларын көрсетті (мұғалімі Нихаева С. А.). Конференция қатысушылары гимназиялық көптілді 9-сыныптың биология сабағында ағылшын тілін пайдалана отырып, сабақ өткізудің ерекшеліктерімен танысты. Оқушылар суреттер пайдалана отырып, сөздерден  сөйлемдер құрады. Содан кейін ағылшын тілінде жұмыс істей отырып, кесте толтырды, өз жұмыстарының мәселелерін талқылады, оқытылатын материал бойынша сұрақтарға жауап берді (мұғалімі Иванова Е. В.). Конференция қатысушыларымен коучинг өткізілді, мектептің кешенді бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат берілді.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.