ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы
15-05-2017 04:10
Жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы

Республикалық жалпы ұлттық ата-аналар жиналысының аясында 2017 жылғы 12 мамыр күні Павлодар қаласының 42 жалпы білім беру мектептерінде ата-аналармен жиналыс өткізілді. Мақсаты - ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша мемлекеттік білім беру саясатын талқылауға баулу. Сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы басқарудың алқалы түріндегі қамқорлық кеңесінің жұмысын белсендету.

Жиналыстарда мектептің қамқорлық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру, демеушілік пен қайырымдылық, жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының 8000 астам ата-аналары қатысты. Жиналыстың мәселелері бойынша мектеп басшылары мен олардың орынбаарлары сөйледі. Олар өз баяндамасында тәрбие берудегі отбасы, мектеп, қоғамның байланысын бекіту және оқушылардың сапалы білім алуындағы қамқорлық кеңесінің рөлі туралы айтып кетті. Жаңа форматты ҰБТ ұйымдастыру мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша шаралар туралы түсінік берілді. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап алды. Жиналыстағы тақырыптар бойынша пікірталасқа ата-аналар комитеті, ата-аналар және қамқорлық кеңесінің өкілдері қатысты.