ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ІХ облыстық зияткерлік конкурсының қорытындысы
15-05-2017 05:33
ІХ облыстық  зияткерлік конкурсының қорытындысы

«Мәшһүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты  ІХ облыстық зияткерлік конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 19 ЖОМ екі оқушысы жеңімпаз атанды. «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау  бойынша І орынды екі оқушы иеленді, соның бірі 10-сынып оқушысы Жангирова Гүлзада, «Білімді зерек адам болам» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты бағытта І орынды 10-сынып оқушысы Кенесбай Меруерт иеленді. Гүлзада мен Меруерт 2017 жылғы сәуір айында өткен Х қалалық кезеңнің жеңімпаздары.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясында жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдердің ішінде Павлодар қаласы ЖОМ № 19 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тұрсынова Бахытгүл Әділханқызы марапатталды.

Сайысты облыстық білім басқармасы мен қосымша білім беру оқу-әдістемелік «Ертіс Дарыны» орталығы бірлесіп 2017 жылғы 12 мамырда өткізді. Мақсаты - Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын оқушыларға насихаттау мен кеңінен тарату. Сайысқа облысымыздыңжалпы орта білім беру, мамандандырылған мектетерінен 45 оқушысы қатысты. Қазылар алқасына басшылық құрғандардың арасында ойшыл ақынның ұрпағы, Еуразия Инновациялық Университетінің филология ғылымдарының кандидаты Жүсіпов Ертай Қуандықұлы және С. Торайғыров атындағы университетінің «Мәшһүртану» орталығының басшысы Анафина Нәйля Қаткенқызы.