ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас туристер Баянауылда
16-06-2017 09:34
Жас туристер Баянауылда

2017 жылғы 15 - 19 маусым күндері аралығында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтырылуы мен қамтылуын қамтамасыз етуі үшін Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жазғы көшпелі көшбасшы лагерінің жұмысы ұйымдастырылды. Мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге демалу, сауықтыру және қамтылуға жағдай жасау, экологиялық және туристік-өлкетану шараларын өткізу, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, танысу.

Лагерге құрамында туристер, экологтар, қала мектептерінің оқушылар санатынан өлкетанушылар бар 150 адам қатысады. Лагерь бағдарламасы 4 бағыт бойынша келесі шаралардың өткізілуін қамтиды: «Экология» бағытында: «Таза үй-таза ғаламшар» экологиялық акциясы; «Көшбасшы - 2017» экологиялық квесті, «Туризм» бағытында: «Көшбасшы - турист» біркүндік туристік жорығы, «Жылдамырақ. Биігірек. Күштірек» кіші олимпиадалық ойындары, «Керемет отырыс» бард әнінің кеші, «Өлкетану» бағытында: «Жасыбай батыр», «Мыстандар шатқалы», «Шың суреттерінің құпиялары», бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен тәжірибелер, «Туған өлкенің жас білгірлері» зияткерлік-танымдық ойындары, «Жасақ жылнамасын» қорғау, «Көшбасшылар мектебі» бағытында қызықты тренингтері мен ойындар.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Валентина Николаевна Шорохованың айтуынша «Лагерь жұмысының бағдарламасы әрбір қатысушының дербес басқарушылық әлеуетін көрсетіп, өздік дарындылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерін, күнделікті тіршіліктегі сұрақтарды шешуде белсенділігі мен жауапкершілігін дамытуға мүмкіндік береді».