«Жастар - таза қала үшін» атты жалпы қалалық акциясы аясында Бакинскии көшесінің тазалығы мен тәртібі үшін Павлодар қаласының № 5 ЖОМ жауапты. Мектеп ұжымдары бұл кішігірім келген көшені қадағалап отырады. Олар бұл көшеде орналасқан кәсіпорын басшыларына хабарламалар таратып, жергілікті үйлердің тұрғындарымен әңгімелесіп, алаңдарды жинауға көмек көрсетеді. Бакинский көшесінде бес кәсіпорын бар. Олардың арасында дүкендер, кафелер, автотұрақтар, «Қазақтелеком» әкімшілік ғимараты орналасқан, осы кәсіпорындардың әр қайсысы өзінің алаңдарын аббатандырып және тазалап отырады.
Бірінші көктемгі сенбілікте, қар еріп кеткеннен кейін Бакинский көшесі бірден өзгеріп шыға келді. Бұл көшеде барлық қоқыстар жиналып, ағаштар мен қасбеттер ағартылды, газондар мен тратуарлар ретке келтірілді. Енді Бакинскии көшесі - серуендеу үшін сүйікті орын болып табылады. Бұнда бесік арбаларымен жүрген аналарды және қарт адамдарды, жас жұптардың әңгіме-дүкен құрып, серуендеп жүргендерін кездестіре аламыз. Тыныш, жайлы және ұқыпты көше бойынша серуендеген өте жанға жайлы. «Біздің қаламызда үлкен және кең, басты көшелерден басқа кішкентай, жайлы, тыныш көшелерде серуендеу жанға жайлы болып келеді. Көліктердің қатты қозғалыстары аз, үй қасбеттеріндегі жасыл жапырақты ағаштары жабылып, аулада балалардың көңілді күлкілері естілетін көшелердің бірі - Бакинский көшесі», - деп мектеп директорының орынбасары Галина Александровна Кузнецова атап өтті.