Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептеріне спорт құрал-жабдықтарын алуға және жаңартуға қала бюджетінен 40 млн. 216 мың теңге бөлінді. Мектептерге шаңғы, коньки, футбол, волейбол доптары, гимнастикамен, жеңіл атлетикамен айналысуға арналған спорттық снарядтар алынды. Бүгінгі күні қала мектептері 80% спорт құрал-жабдығымен жабдықталған. Бұдан басқа, қаланың 20 мектебі Sаmruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту Қорынан спорт құрал-жабдығын сатып алуға сертификат алды.
«Осы жылы спорт жабдығын сатып алуға бізге қала бюджетінен бір миллион 948 мың теңге бөлінді», - деп атап өтті № 25 ЖОМ дене тәрбиесі мұғалімі Ермек Аубакиров. Футбол алаңының күрделі жөндеуіне мектепке 3 млн. аса теңге бөлінді, мұнда жарықтандыру өткізілді, тор, толықтай жабынды ауыстырылды. Сондай-ақ, шағын-футбол алаңдарының ағымдағы жөндеуі № 41, № 21 мектептерінде жүргізілді.