Павлодар қаласы Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебі «Сириус» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан адамдарды еске алу және қайғыру күніне арналған іс-шараларға қатысты. Бұл күн есте қалатын күн болып қала береді: Ұлы Отан Соғысы қаһармандарының ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсімдері өткізіліп жатады, айқастар өткен жерлерді жаңғырту және басқа шаралар жүргізіледі.
Аталған шаралардың мақсаты балалардың үлкендерге,соғыс туралы естеліктерге, елі, өз елі үшін патриоттылық пен мақтаныш сезімдері, халықтың қайсарлығы мен ерлігі үшін құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады. Балалар педагогтармен бірлесіп Жеңіс алаңындағы Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мектепте «Өмір үшін еске алу күні» әдеби-музыкалық композициясы өткізілді, онда соғыс жылдарына арналған өлеңдер мен әндер айтылды. Белсенділер отрядтарда Еске алу қағаздарын шығарып, «Қиялшылдар» мектеп газетіне «Жауынгерлік парақ», «Мен - батырмын», «Қаза тапқандарды еске алу» ескертпелерін жазып қойды. Отряд басшылары балалармен тарихи оқиғалар туралы, қаза болған батырлар, соғыстың ауыр жылдарын басынан өткізген көп ұлтты халық ерлігі туралы әңгімелесті.