ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Педагогикалық шеберлік - 2017» облыстық сайысының қорытындысы
28-06-2017 11:12
«Педагогикалық шеберлік - 2017» облыстық сайысының қорытындысы

«Педагогикалық шеберлік - 2017» облыстық сайысының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. І дәрежелі дипломммен № 17 ЖОМ тарих мұғалімі Марат Омарұлы Жакупов, № 96 «Радуга» бала бақша әдіскері Наталья Александровна Бессонова, II дәрежелі дипломмен № 51 бала бақша педагогтері  Жанмарал Какауовна Махметова, Гульмира Аманжоловна Уалиева, Елена Владимировна Галанина, № 17 бала бақша педагогы Светлана Михайловна Атласевич, III дәрежелі дипломмен № 4 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Юрченко Елена Владимировна, № 34 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Елена Сергеевна Никитина, № 31 бала бақша тәрбиешісі Ирина Евгеньевна Орлова, № 29 бала бақша педагогы Наталья Алексеевна Тисленко, № 102 бала бақша тәрбиешісі Ольга Анатольевна Шевчик марапатталды.

Сайыс барлық аймақтың білім беру мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін тиімді әдіске айналған «Өрлеу» БАҰО АҚФ  Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өтті. Ол бірнеше жыл бойы аймақ педагогтеріне өзінің әлеуеті мен қабілетін ашуға, шеберлігін көрсетуге, жаңа білім жинақтауға және тәжірибе алмасуға ықпал етіп келеді. Осы жылы сайысқа 9 қалалар мен  аудандардан сырттай іріктеуден өткен өкілдер қатысты. Ең көп қатысушылар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл және Шарбақты аудандарынан болды.

Білімдендіру жүйесін жетілдіру стратегиялары мен түрлі аспектілерінде педагогикалық инновациялар мазмұнды көрсетілді: әр түрлі деңгейдегі білімдендіру ұйымдарын дамытудың  және өзін-өзі дамытудың инновациялық жобаларының жасалымдары, білім берудің мазмұнын жаңарту, оқытудың, тәрбиенің және тұлғаны, ұжымды дамытудың педагогикалық технологияларын, жаңа әдістерін, әдістемелерін жасау немесе өзгерту. Инновациялық жобаларға құрамына тәжірибелі кәсіби мамандар, соның ішінде филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамы, бас мамандары, облыстық білім беру басқармасының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің әдіскерлері енген Сараптама кеңесі инновациялық жобаларды бағалады.