ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептеріндегі робототехника
29-06-2017 05:20
Қала мектептеріндегі робототехника

Оқушылардың жобалық құзіреттілік пен модельдеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2016 - 2017 жылы қаланың 15 жалпы орта мектептерінде Lego Mindstorms EV3 құрылма жиынтық базасының негізінде робототехника кабиенттері сатып алынды, сатып алу үшін облыстық бюджеттен - 33,6 млн. теңге қаржы бөлінді. 2017жылы Arduino базасы негізінде 120 жинақта жобалау және модельдеу мүмкіндіктері жоғары 43,8 млн. теңге қаражатына робототехника кабиенттері сатып алынды. Жинақ ішіне құруға, бағдарламалауға және ДК, Мас, планшет немесе смартфонмен басқаруға мүмкіндіктері бар бағдарламалық жабдықтамалар және тегін қосымшалар кіреді.

Мектептер жаңа курс бойынша оқу бағдарламалармен толық жабдықталған, робототехникадан курстық дайындықты 87 информатика мұғалімі өтті. Курсты өткізу үшін барлық мектептерде робототехникадан факультативтік курстар еңгізілген. 2016 - 2017 оқу жылында курсқа 4125 оқушы қатысты, жаңа 2017 - 2018 оқу жылынан қосымша 4,5 мың оқушы қатыстырту жоспарлануда. Осылайша, 8,5 мың астам оқушы жаңа оқу жылынан робототехника курстарына қатысуға мүмкіндіктері болады.

Қала мектептерінің оқушылары робототехникадан әртүрлі фестивальдер мен сайыстарға қатысып жүр. Мәселен, Павлодар қаласы № 29,40 ЖОМ оқушылары робототехникадан облыстық фестиваль шеңберінде өткен республикалық іріктеу чемпионаты қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар атанды, № 16, 19, 22, 25, 41, 42 ЖОМ оқушылары «KazRoboSport - 2017»спорттық робототехника жарыстарына, «KazRoboProject» робототехникалық жобалар мен 3D-модельдеу олимпиадасына, аймақтық фестивальдерге белсенді қатысады.Ағымдағы жылдың сәуір айында № 40 ЖОМ оқушылары WRO-2017 ережесі шеңберінде өткен «Робосумо» категориясы бойынша робототехникадан аймақтық жарыстың жеңімпаздары атанды.

Барлық мектеп алды лагерлердегі робототехника үйірмесінің сабақтары - ең көп қатысушылары бар, сондықтан жазғы демалыс кезеңінде деолар жаңа модельдерді шығарып, мектеп турнирлері мен жарыстарын өткізіп отырады. Оқушылардың пікірлері бойынша, робототехникамен айналысу - қызықты үрдіс болып табылады, олар сабаққа үлкен ықыласпен қатысады, өздік жобалау мен роботтар жасауға, модельдерін жетілдіруге қызығушылық танытады. Көптеген оқушылар алған икемдері мен білімдерін келешекте таңдайтын мамандықтарында қолданады деп сенеді.