ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас туристердің республикалық слеттегі жетістіктері
30-06-2017 03:49
Жас туристердің республикалық слеттегі жетістіктері

Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» Балалар аула клубы «Пирамида», «Вершина», «Вертикаль», «Колибри», «Усольский меридиан» балалар бірлестіктерінің 8 оқушысы облыс командасының құрамында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысып келді.

Слет қорытындылары бойынша «Туристік-бақылау маршрутында» Адам Коцюбчик, Михаил Сидоренко, Александр Удалов, Глеб Есин, Вероника Бестужая, Яна Макуцкая құрамында «Вершина», «Пирамида», «Усольский меридиан», «Вертикаль», «Колибри» бірлестіктерінің оқушылары II орын, «Қараторғай үйшігі» акциясында Адам Коцюбчик, Михаил Сидоренко, Александр Удалов, Глеб Есин, Вероника Бестужая, Яна Макуцкая, Валерия Коршунова, Александра Коноваленко құрамында оқушылар III орын, «Колибри» бірлестігінің оқушысы Вероника Бестужая жартасқа өрмелеу бойынша жеке біріншілігінде II орын иеленді. Ол жартас бағдарлауды 1,5 мин қорытынды уақытымен өтті. Туристік-бақылау маршрутында оқушылар қашықтықтан өтті: аспалы өткелді орнату, қатар таяныштары, бөрене салушыңға көтерілу, шыңнан түсу, түйіндер стансасы, топографиялық белгілер, медициналық көмек көрсету. «Қараторғай үйшігі» акциясы барысында қатысушылар креативті ойлау, үйшікке арналған тиімді орынды таңдай білу қабілеттерін көрсете білді. Команда жетекшілері «СЮТур» клубының ұстаздары Ирина Валерьевна Ридзаускене, Сергей Николаевич Агалаков болды. Оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру орталығының қатысу сертификаттары, жүлделі орындар үшін дипломдарымен, ұстаздар алғыс хаттарымен марапатталды.

Слет 2017 жылғы 22 - 25 маусым күндері аралығында Маңғыстау облысының Ақтау қаласындаөтті. Оған Қазақстан аймақтарының 16 командалары, 14 - 15 жастағы 200 астам оқушылары қатысты. Слет бағдарламасының мазмұны «Туған өлке соқпақтары», «Сөнбес жұлдыздар» сияқты өлкетану, «Туристік-бақылау маршруты», «Жартасқа өрмелеу», «Экскурсиялық бағдарлау жарыстары» сияқты тәжірибелік бөлімдері, бард әнінің сайысы мен «Қараторғай үйшігі» акциясын қамтыды.