Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақтың музыкалы калейдоскобы
04-07-2017 03:22
Балалық шақтың музыкалы калейдоскобы

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің мектеп жанындағы лагерінде оқушылар демалысы мен бос уақытының қамтылуына арналған 1-маусымы аяқталды. Лагерьге 16 - 30 маусым аралығында 7 - 16 жастағы 90-нан аса оқушы қатысты. Бұл күндері балалар жақсы көңіл күй алды - «Барлығына арналған оркестрде» өнер көрсету, заманауи өзгертудегі «Теремок», «Колобок», «Три поросенка» театралды қойылымдарына, барлығы жақсы көретін «Dance music» флеш-мобына қатысу, сүйікті әндерді орындау. Сыйлықтар мен ойындар соңғы күнді ерекше етті. Балалардың көбі мерекеге шақырылған ата-аналарды және достарды «дарындар жәрмеңкесіне» қатысуымен таң қалдырды. Оқушылар 1 - 11 тамыз аралығында тәрбиеленушілері үшін есігін айқара ашатын, мектеп жанындағы жазғы лагердің келесі маусымы ашылуын ыждахатпен күтуде.

Демалыс кезінде оқушылар Астана күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетуге дайындалды. Концерт 3 шілдеде мектепте өтті. Ашық аспан астындағы концерт музыкалық шеберлікті бағалаушылар және жақсы ән тыңдармандарын жинады. Қаламыздың әрбір тұрғыны сыңғырлаған бала дауысын, музыка аспаптарының әсем әуезін тыңдауға мүмкіндік алды. Қызықты және жарқын номерлер Астана күні - керемет қала Астанаға - жасампаздық пен бейбітшілік қаласына арналды. Орындаушылардың әдемі костюмдері, керемет әндері, домбыра, саксофон, сыбызғы, рояль және гитара музыкалық аспаптарының әуені - барлығы да нағыз мейрам сезімін қалыптастырды. Жылы және жайлы атмосфера іс-шара бойы сезілді. Көрермендер викторинаға қатысып, елінің тарихы, оның мәдениеті мен дәстүрлері туралы білімдерін көрсетуге мүмкіндіктері болды.