kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3099548
Бір айда205714
Бір аптада52524
Кеше3718
Тәулік6694
Баянауыл таулы шыңдарының жас бойсұндырушылары
05-07-2017 03:43
Баянауыл таулы шыңдарының жас бойсұндырушылары

Табиғи бедерде спорттық шыңға өрмелеуден Павлодар облысының жастар Чемпионатында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «СЮТур» балалар аула клубы бірлестіктерінің 10 - 18 жас аралығындағы 75 тәрбиеленушілеріқатысты. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында азаматтылық және қазақстандық отансүйгіштікті тәрбиелеу, туристік-өлкетану білік-дағдылары, салауатты өмір сүру салты мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.

Чемпионатты өткізу жауапкершілігі Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасыбекіткен бас төрешілер алқасына жүктеліп, жылдамдық тәртібі (қос шабандоз) негізінде өткізілді. Қатысушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндей кәсіби тұрғыда шұғылданып, жақсы туристік-спорттық дайындығына ие болып келеді.

Жарыстардың қорытындылары бойынша II жалпықұрамалық орынды «Вершина» клубының командасы, III жалпықұрамалық орынды - «Эдельгрим» клубының командасы иеленді. «1998 - 1999 жылғы юниорлар» жас тобында  I орынды - Антон Бабенко, II орынды-Елена Крохолева, «Вертикаль» клубының тәрбиеленушілері иеленді. «2000 - 2001 жылғы жоғарғы» жас тобында I орынды - Глеб Есин, II орынды - Мансур Кадеев, Александр Зайцев, Даниил Рязанов («Вершина» клубы), III орынды - Антон Немченко, Антон Романеско, Алена Рязанова («Вершина» клубы) иеленді. «2002 - 2003 жылғы кіші» жас тобында II орынды - София Бояринова («Пирамида» клубы), III орынды - Елизавета Базавод («Колибри» клубы) иеленді. «2004 - 2008 жылғы жасөспірімдер» жас тобында II орынды - Полина Марзалюк, Богдан Берендяев («Вершина» клубы), III орынды - Ярослав Терещук («Вершина» клубы) иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жеке және құрамалық есепте облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасының грамоталары мен медалдарымен марапатталды.

ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесіне арналған чемпионат 2017 жылғы 30 маусым - 2 шілде күндері аралығында Баянауыл мемлекеттік ұттық табиғи паркының жартастары негізінде өтті. Ақтоғай ауданы, Ақсу қаласы, Павлодар қаласының № 16, 26, 41 ЖОМ, орталық «СЮТур» балалар аула клубының 10 - 18 жас аралығындағы 150 астам тәлімгерлері қатысты.