ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық еңбек ардагерлері этнофестивальға барып шықты
14-08-2017 12:55
Педагогикалық еңбек ардагерлері этнофестивальға барып шықты

Айтулы күндері педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесулер дәстүрге айналды, нәтижесінде олар қаламыздың, жалпы еліміздің білім беру саласындағы жетістіктері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктері бар.

2017 жылғы 13 тамызда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Г. Ш. Қадырбаеваның шақыруымен қаламыздың педагогикалық ебңбек ардагерлері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты президенттік бағдарлама шеңберінде өткізілген, «Ұлы дала елі» этнофестивальіне барды.

Қонақтарды білім беру бөлімінің жаңа кигіз үйінде қарсы алды. Ардагерлер кигіз уйдің ішіндегі түрлі бұйымдар және жиһаздармен қызығушылық танытып, танысты - батырлардың сауыт-саймандарымен, бесік, түрлі түсті оюлы төр көрпелер жиналған сандықтар, аңдардың терілерімен. Кигіз уйдің жанында алты бақан теуіп жүрген, макеттердің жанында суретке түсіп жүрген балалар мен ересек адамдарды көрді.

Бесбармақ, қымыз және түрлі ұлттық тағамдар қойылған үстел үстінде қонақтар өз құттықтаулары мен тілектерін білдірді, көтеріңкі көңіл күймен этнофестивальдағы қазақ халқының ұлттық құрал-жабдықтарының, көшпенді халықтың сауыт-саймандарының, ежелгі қазақтардың қол өнерінің, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесін тамашалады.